Біз туралы
БАСШЫЛЫҚ
Батыс Қазақстан облыстының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы 1989 жылы құрылды. Ұйым келесі бөлімдерден тұрады: диагностикалық зертхана, алдын алу жұмыстары бөлімі, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі, эпидемиология бөлімі, емдеу-алдын алу және диспансеризация бөлімі.
Барлық бөлімдер компьютерлермен, зертхана ИФТ-ға арналған заманауи зертханалық жабдықтар жиынтығымен (АИТВ-жұқпасына антиденелер, вирустық гепатиттердің маркерлері және ЖИТС индикаторлық инфекциялары анықталады), клиникалық-биохимиялық зерттеулерге арналған автоматты анализаторлармен, сондай-ақ АИТВ-жұқпасы бар науқастарда антиретровирустық терапияның тиімділігіне зертханалық мониторинг жүргізуге арналған (СД4/СД8 лимфоциттерді анықтау) - ағынды цитофлюорометрмен жабдықталған.
Орталық халықаралық ұйымдармен: жұқпалы ауруларды бақылау жөніндегі америкалық орталықтармен (СДС), БҰҰДБ, Жаһандық қормен, Орталық Азиядағы ЖИТС-ті бақылау жөніндегі жобамен ынтымақтасады.
2007 жылдан бастап орталық зертханасы батыс өңір облыстары (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары) үшін тірек базасы болып табылады; иммундық мәртебесін анықтауға зерттеулер жүргізеді (СД4/СД8), шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау (бұдан әрі-ШЭҚ) нәтижелері бойынша «құрғақ» қан тамшысының 10% теріс үлгілерін верификациялауды жүргізеді.
Сонымен қатар, орталық мамандары ШЭҚ ұйымдастыру және өткізу, осы салалардағы көрсеткіштерді талдау бойынша семинар-тренингтер, консультациялар өткізеді.
Сенім телефоны:+ 7(7112) 24-34-71 (сағ.- 9:00-17:00 дейін.)
Жұмыс кестесі:
дүйсенбіден – жұмаға дейін сағ.9:00- 17:12 дейін.
Қан алу: сағ.8:00-12:00 дейін.
сағ.14:00-15:00 дейін.
Талдаулардың қорытындысын беру: сағ.12:00-13:00 дейін.
сағ.15:00-16:00 дейін.
Басшы: директордың м.а. Мантакова Алмагуль Акжумановна