Біз туралы
Батыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығы туралы
Батыс Қазақстан облыстық - ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы 1989 жылы құрылған.Орталықтың бөлімдері: ұйымдастыру-әдістемелік, АИТВ жұқпасына эпидемиологиялық бақылау бөлімі,емдеу-диагностикалық , диагностикалық зертханасы.
Медициналық қызметкерлердің 70 пайызы орталық ашылғаннан бері қызмет істейді.Олардың ішінен дәрігерлердің – 50 пайызы жоғары және бірінші біліктілігіне ие , орта буынды медициналық қызметкерлердің -53 пайызы біліктілік санаттарын алған.
Барлық бөлімдер қазіргі заманға сәйкес компьютерлермен,диагностикалық зертхана заманға сай зертханалық ИФА ( АИТВ жұқпасына антиденелерді ,вирустық гепатиті маркерін және ЖИТС индикаторлық жұқпасын анықтайды) құрал-жабдықтарымен ,клиникалық-биохимиялық зерттеулер жүргізу үшін автоматты талдауыштармен қамтамасыз етілген. АИТВ жұқпаланған науқастардың алып жатқан антиретровирустық емінің нәтижелігіне зертханалық мониторингі (СД-4/СД-8 лимфоциттерін анықтау) жүргізу үшін ағымды цитофлюорометрмен қамтамасыз етілген.
Жұқпалы аурулары бойынша бақылау (СДС),ПРООН, Глобалдық қорымен , Орталық Азиядағы ЖИТС – ті бақылау бойынша Жобасы халықаралық ұйымдарымен қызмет істейді.
2007 жылдан бастап орталықтың зертханасы АИТВ/ЖИТС эпидемиологиялық бақылауы бойынша аймақтық (Маңғыстау,Атырау, Ақтөбе облысы) бақылаушы зертхана болып табылады. (СД 4/ СД/8) иммундық мәртебесін анықтауын және шолғыншы эпидемиологиялық бақылау (ШЭБ) нәтижесі бойынша қан тамшысының «кепкен» теріс үлгілерінің
10 % верификациясын жүргізеді.
Сенім телефоны:+ 7(7112)24-34-71(сағ.- 9:00-17:00 дейін.)
Жұмыс кестесі:
дүйсенбіден – жұмаға дейін сағ.9:00- 17:12 дейін.
Қан алу: сағ.8:00-12:00 дейін.
сағ.14:00-15:00 дейін.
Анализдердің қорытындысын беру: сағ.12:00-13:00 дейін.
сағ.15:00-16:00 дейін.
Басшы: директор Берсагуров Кеңес Абдиевич